Жаңалық 4 тамыз 2026
Қалмұратов «Атырау» тарихындағы үздік үштікке кірді
29 жастағы қорғаушы Қуаныш Қалмұратов «Атырау» құрамында премьер-лигада ең көп матч өткізген футболшылардың үздік үштігіне кірді.
Қалмұратов «Атырау» сапында премьер-лигада 130 матч өткізіп, 5 гол соққан. Ол клуб құрамында 2015 жылдың 8 сәуірінде «Жетісуға» қарсы қонақтағы матчта дебют жасады, сол кездесу 2:1 есебімен «Жетісудың» пайдасына аяқталды.
Барлығы Қалмұратов ҚПЛ-да 215 матч өткізген, «Атыраудан» басқа «Тұран», «Тараз» және «Қайсар» құрамында да ойнаған.
Рекорд иесі — Валентин Чуреев, оның есебінде «Атырау» құрамында 210 матч бар. Одан кейін Денис Родионов (146 матч) тұр. Андрей Шабанов пен Бейбіт Тәтішев 127 матчпен тізімді жалғастырады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


