ҚПЛ-нің 21-турына төрешілер тағайындалды
«Алтай» — «Қызылжар» кездесуін Данияр Сахи (Қызылорда) басқарады, көмекшілері — Ринат Якбаров (Семей) және Виктор Стасенко (Талдықорған). Төртінші төреші — Нұрсұлтан Әлібеков (Павлодар), VAR — Денис Измайлов (Талдықорған), AVAR — Григорий Московченко (Павлодар), инспектор — Елес Құсайынов (Астана).
«Жетісу» — «Ордабасы» кездесуінде төрешілік етуді Руслан Сұлтанғалиев (Атырау) жүзеге асырады. Көмекшілері — Иван Навроцкий (Астана) және Нұрдәулет Арынханов (Алматы), төртінші төреші — Бекарыс Аманкелдин (Орал), VAR — Марат Ысқақов (Астана), AVAR — Дмитрий Белоградов (Павлодар), инспектор — Сергей Уфимцев (Алматы).
«Каспий» — «Ұлытау» матчын Сергей Ноженко (Талдықорған) басқарады, көмекшілері — Дмитрий Будниченко (Павлодар) және Алексей Шабанов (Алматы). Төртінші төреші — Нұржан Жұмашев (Қызылорда), VAR — Данил Горда (Көкшетау), AVAR — Нұржан Юнісов (Астана).


