Жаңалық 3 қыркүйек 2026
ҚПЛ-нің 25-турына төрешілер тағайындалды: «Каспий» — «Қайрат» матчын Тасыбаев басқарады

Фото: cdn.nur.kz
5 қыркүйекте өтетін Қазақстан премьер-лигасы 25-турының кездесулеріне бас төрешілер белгілі болды.
«Каспий» — «Қайрат» кездесуін астаналық Айдын Тасыбаев басқарады.
Сонымен қатар «Оқжетпес» — «Ордабасы» матчында бас төреші қызметін өскемендік Александр Затула атқарса, «Жетісу» — «Ертіс» кездесуінде көкшетаулық Антон Кучма ысқырық салады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


