Жаңалық 5 тамыз 2026
«Қайрат» пен «Ұлытау» кездесуі 600 орындық стадионда өтеді
Қазақстан премьер-лигасының 22-туры аясында алматылық «Қайрат» пен «Ұлытау» арасында өтетін матч клуб академиясының 600 орындық стадионында өтеді.
Кездесудің негізгі аренадан ауыстырылу себебі — «Қайраттың» басты стадионында Kanye West-тің концерті өтетіндігінде.
Концерттен кейін жабдықты бөлшектеп, алаңды ойынға жарамды жағдайға келтіруге уақыт қажет. Осыған байланысты клуб «Ұлытауға» қарсы матчты академия стадионында өткізуді жөн көрді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


