Трансфер 4 тамыз 2026
«Фрозиноне» «Рейнджерстің» 8 миллион фунттық ұсынысын қабылдамады
Итальяндық «Фрозиноне» шеткі шабуылшы Фарес Геджемис үшін «Рейнджерс» ұсынған 8 миллион фунт стерлингтік трансферден бас тартты.
Бұған дейін «Селтик» те 23 жастағы алжирлік ойыншы үшін 6 миллион фунт ұсынған, бірақ «Фрозиноне» бұл нұсқадан да бас тартқан.
Итальяндық клуб Геджемисті 15-20 миллион еуродан (13-17 миллион фунт) төмен бағаға сатуға ниетті емес. Өткен маусымда шабуылшы 15 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген, ал «Фрозиноне» сол жетістіктердің арқасында Италияның жоғарғы дивизионына жолдама алған. Геджемис Алжир құрамасының әлем чемпионатына баратын тізіміне де енген.
Тағы оқыңыз
«Селтик» пен «Рейнджерс» Геджемиске қызығушылық танытты
Осы аралықта «Рейнджерс» «Ганновердің» 26 жастағы ойыншысы Дайсуке Йокотаны сатып алу жөнінде келісімге қол жеткізді. Йокота клубтың жаздағы тоғызыншы жаңа легионері болмақ.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


