Жаңалық 11 тамыз 2026
Самородов: «Спартак» «Ахматтан» ұсынысын 8 миллион еуроға дейін көтерді
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов трансфері айналасындағы келіссөз жаңа кезеңге көшті — мәскеулік «Спартак» «Ахматқа» жаңа ұсыныс жасады.
Тараптар арасындағы келіссөз алдымен «Спартактың» шамамен 4 миллион еуролық ұсынысынан бастау алған. Кейін бұл сома бонустармен қоса 6-7 миллион еуроға дейін көтерілгені туралы хабарланды. Қазір «Спартактың» ағымдағы ұсынысы — бонустармен қоса 8 миллион еуро.
24 жастағы Самородов пен «Спартак» арасында жеке келісімшарт талаптары бойынша келісім қол жеткізілген. Дегенмен «Ахмат» бұл сомаға көне ме, жоқ па — әзірге белгісіз.
Тағы оқыңыз
Агент: Самородовтың құны бір жылда бес есе өсуі таңғаларлық
Самородов — «Ахматтың» да, Қазақстан құрамасының да ағымдағы маусымдағы жетекші ойыншыларының бірі. Ал «Спартакпен» аты аталып жүрген Станислав Черчесовтың бұл трансферге қалай қарайтыны да белгісіз.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


