Трансфер 4 тамыз 2026
Байрами Сауд Арабиясына жалға кетті
Шотландиялық «Рейнджерс» албандық жартылай қорғаушы Недим Байрамиді Сауд Арабиясы Кәсіби лигасының клубы «Ат-Тааунға» бір маусымға жалға берді.
Келісімшарт бойынша «Ат-Тааун» ойыншыны сатып алу құқығына ие. Клуб Байрамидің жалақысын толығымен өз мойнына алады, ал «Рейнджерс» жалдау ақысын алды.
27 жастағы Байрами «Рейнджерс» сапына 2024 жылдың жазында қосылған болатын. Ол клуб құрамында 63 матч өткізіп, оның 32-сінде негізгі құрамда алаңға шықты. Албан футболшысының активінде 7 гол және 5 нәтижелі пас бар.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


