Әлем футболы 3 тамыз 2026
«Қайрат» Софиядағы жанкүйерлеріне арналған секторды жариялады
Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Левскиге» қарсы өтетін матчта өз жанкүйерлеріне қонақ секторы бөлінгенін хабарлады.
Кездесу УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңі үшінші раундының бірінші матчы болады. Ойын 4 тамызда Астана уақытымен 22:30-да Софиядағы «Георгий Аспарухов» стадионында басталады.
«Қайрат» жанкүйерлеріне G секторы бөлінген.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


