Жаңалық 4 қыркүйек 2026
«Ливерпуль» Чемпиондар лигасына арналған өтінім тізімін жариялады: Кьеза тізімнен тыс қалды

Фото: icdn.football-italia.net
«Ливерпуль» 2026-27 маусымындағы Чемпиондар лигасына арналған құрамын жариялады. Тізімге италиялық қорғаушы Джованни Леони енді, ал Федерико Кьеза сырт қалды.
Леони өткен маусымда клуб құрамында дебют жасаған кездесінде айқыш байлам жарақатын алған болатын. Бапкер Андони Ираоланың айтуынша, ол халықаралық үзіліс кезінде команда құрамында жаттығуды қайта бастайды деп күтіліп отыр.
Тағы оқыңыз
Ираола: Леони демалыс кезінде топтық жаттығуға қосылады
Кьеса үшін бұл жағдай жаңалық емес: жыл бұрын Арне Слоттың тұсында да ол тізімге енбей қалған еді, кейін жарақат алған Леонидің орнын толтыру үшін ғана өтінімге қосылды. 2024 жылдан бері «Ливерпуль» түсінде 50 матч өткізген Кьесаның есебінде 5 гол және 5 нәтижелі пас бар. Италия құрамасында ол 2024 жылғы Еуро чемпионатынан бері ойнаған емес.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


