Трансфер 1 тамыз 2026
Уэлбек «Брайтонмен» қоштасты: 35 жастағы шабуылшы «Челсиге» ауысты
Дэнни Уэлбек «Брайтоннан» «Челсиге» ауысқаннан кейін әлеуметтік желіде бұрынғы клубына қоштасу хатын жолдады.
35 жастағы шабуылшы алты жыл өнер көрсеткен «Брайтонмен» осылай қоштасты.
«Сигалдар, бұл клуб мен есіктен аттаған сәттен-ақ бірден үйіме айналды. Содан бері мен сендер маған көрсеткен құштарлықпен, қолдаумен және сүйіспеншілікпен ойнауға тырыстым», — деп жазды Уэлбек X желісінде.
Тағы оқыңыз
«Челси» Уэлбектің дебюттік голымен «Лутонды» жеңді
«Бірге өткен жол мені осы клубпен мәңгілікке байланыстырады», — деді ол.
Шабуылшы голдар мен есте қалған сәттерді мақтанышпен еске алатынын, бірақ ең бастысы — өзіне, отбасына және достарына көрсетілген қолдау мәңгі есінде қалатынын атап өтті.
«Барлығы үшін рақмет, Сигалдар. Алға, Альбион!» — деп аяқтады ол хабарламасын.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


