Трансфер 31 шілде 2026
«Шеффилд Юнайтед» Серикиге қатысты «Сассуолоның» ұсынысынан бас тартты
«Шеффилд Юнайтед» 24 жастағы қорғаушы Феми Серикиге қатысты итальяндық «Сассуолодан» түскен ұсынысты қабылдамады.
«Сассуоло» футболшыны алдымен жалға алып, кейін 5 миллион фунтқа сатып алу құқығын қоса ұсынған болатын. Дегенмен «Шеффилд Юнайтед» бұл нұсқаны қабыл алмады.
Серики «Шеффилд Юнайтедке» 2019 жылы «Бериден» ауысқан. Ол негізгі команда сапында 69 матч өткізген. Бұған дейін қорғаушы «Берсхот», «Бостон Юнайтед», «Рочдейл» және «Ротерем» клубтарында жалға ойнаған.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


