БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 18 тамыз 2026

«Шеффилд Юнайтед» 35 миллион фунт үшін 12 ұпайынан айырылуы мүмкін

Фото: skysports.com
Ағылшын клубы «Шеффилд Юнайтедтің» бұрынғы иесі — «Юнайтед Уорлд» компаниясы қазіргі меншік иесі «Си-О-Эйч Спортс Бидконды» сотқа берді. Мәселе 19 тамызда сотта қаралады, ал теріс шешім клубты 12 ұпайынан айыруы мүмкін.

«Юнайтед Уорлд» компаниясы клубты сатқан кезде «Си-О-Эйч Спортс Бидконның» өзіне 35 миллион фунт қарыз болып қалғанын мәлімдеді. Осы қарыз бойынша дауды сот 19 тамызда қарайды.

Егер сот отырысында қазіргі меншік иелері төлемге қабілетсіз деп танылса, клуб 12 ұпайдан айырылу қаупіне тап болады. «Шеффилд Юнайтедтің» қазіргі ортақ иелерінің бірі — Стив Розен, тағы бір иесі — Хелми Элтоухи.

Жағдайды күрделендіретін тағы бір факт бар: 2023 жылы АҚШ-тың Invacare компаниясы төлемге қабілетсіз деп танылған, ал Розен сол кезде компанияның атқарушы емес төрағасы болған. EFL-дің 2.1.16-ережесіне сәйкес, 10 жыл ішінде екі рет төлемге қабілетсіздікке қатысы болған меншік иесі өз қызметінен шеттетілуі мүмкін.

«Юнайтед Уорлд» компаниясының мәлімдемесінде: «SUFC-тің бұрынғы иелері ретінде біз клубтың 19 тамызда шығарылатын тарату туралы бұйрықтан кейін бірнеше айға созылатын белгісіздікке тап болғанын қаламаймыз, бірақ милиардерлер Элтоухи мен Розен борышын өтеуге келіспей отырғандықтан, өз мүддемізді қорғау үшін барлық заңды қадамды жасаудан басқа амалымыз жоқ», делінген.

Компания сондай-ақ EFL мен Тәуелсіз футбол реттеушісінің (IFR) жағдайдан хабардар екенін, бірақ әзірге ешқандай араласу байқалмағанын жеткізді. «Біз бұл жария мәлімдемені 19 тамызға дейін мәселе шешілмесе, клуб тап болуы мүмкін салдарды болдырмау үмітімен жасап отырмыз, одан кейін бұл салдарға біздің ешқандай ықпалымыз болмайды», — делінген компания мәлімдемесінде.

Егер 35 миллион фунт борыш өтелсе, клубқа төнген әкімшілік басқаруға өту қаупі жойылады. EFL «Юнайтед Уорлдтың» мәлімдемесінен хабардар.

Тағы оқыңыз

«Арсенал» Хиншелвуд үшін 51 миллион фунт ұсынуы мүмкін
«Ливерпуль» Минтех үшін 50 миллион фунт ұсынды, бірақ ұсыныс қабылданбады
«Манчестер Сити» Энцо Фернандес үшін 120 миллион фунт ұсынды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.skysports.com