Сұхбат 31 шілде 2026
Гимараес Хоумен қоштасты: «Бұл клубтың королі!»
«Ньюкасл» бас бапкері Эдди Хоу қызметінен өз еркімен кетті. Клуб капитаны Бруну Гимараес әлеуметтік желіде бапкермен қоштасып, ыстық лебізін білдірді.
«Бұл клубтың королі!! Біз үшін жасаған бар еңбегіңізге рақмет. Бірге өткізген уақытымызды ұмытпаймын. Мені жақсы ойыншы әрі жақсы адам еткеніңіз үшін рақмет! Сіздің ойыншыңыз болғаныма қаншалықты риза екенімді сөзбен жеткізе алмаймын», — деп жазды Гимараес Instagram-да.
Тағы оқыңыз
«Ньюкасл Юнайтед» басшысы: Хаудың кетуіне бірнеше ай бұрын дайындалғанбыз
Еске салайық, соңғы кезде лондондық «Арсеналдың» Гимараеске қызығушылық танытып жүргені белгілі болды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


