Жаңалық 31 шілде 2026
Хау: «Ньюкасл Юнайтедтен» кету — дұрыс шешім
Эдди Хау «Ньюкасл Юнайтедтің» бас бапкері қызметінен кететінін ресми жариялады. Ол клубта бес жылға жуық еңбек етті.
«Жеке толғаныстан кейін «Ньюкасл Юнайтедтің» бас бапкері қызметінен кетуге дәл қазір дұрыс уақыт екенін түсіндім», — деді Хау.
Оның сөзінше, бес жылға жуық уақыт бойы клубқа жанын салып, барын берген соң, демалып, күш жинауы өзіне де, клубқа да пайдалы.
Тағы оқыңыз
«Ньюкасл Юнайтед» басшысы: Хаудың кетуіне бірнеше ай бұрын дайындалғанбыз
«Бұл шешімді қабылдау өте қиын болғанымен, жүрегім оның дұрыс екенін сезеді», — деп қосты ол. Хау «Ньюкаслдың» бас бапкері болу — өмірінің үлкен мәртебесі болғанын жеткізді.
Бапкермен бірге клубтан Джейсон Тиндалл, Грэм Джонс, Стивен Пёрчес, Саймон Уэзерстон сынды көмекшілер, сондай-ақ өнімділік жөніндегі жетекші Дэн Ходжес те кетті.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


