Трансфер 31 шілде 2026
«Ақтөбе» бас бапкер Тарковичпен келісімшартын бұзды
«Ақтөбе» футбол клубы 53 жастағы словак маманы Стефан Тарковичпен келісімшартты өзара келісім негізінде тоқтатты.
Таркович «Ақтөбені» сәуірдің басында басқара бастағанын еске сала кетейік. Ол клубты басқарған кезде барлық турнирде 17 матч өткізді: оның 8-інде жеңіске жетті (соның екеуі — кубок кездесулері), 4 матч тең аяқталды, 5-еуінде жеңіліп қалды.
Бас бапкермен бірге клубтан оның көмекшілері Карол Празеница мен Мартин Руснак та кетті.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


