Трансфер 31 шілде 2026
«Ақтөбе» бас бапкер Черевченкоға екі көмекші тағайындады
«Ақтөбе» футбол клубы бас бапкер Игорь Черевченкоға көмекші етіп Юрий Батуренко мен Михаил Соловейді тағайындады.
61 жастағы Батуренко Тәжікстанда дүниеге келген, ойыншы кезінде Ресейде ойнаған. Ол мәскеулік «Локомотив» құрамында көршілес елдің чемпионатында күміс пен қола жүлде жеңіп алған.
Бапкерлік жолында Батуренко «Локомотив», «Мордовия», «Анжи», «Ротор», «Ростов» клубтарында жұмыс істеген. Сондай-ақ әзербайжандық «Габала» мен тәжікстандық «Истиклолда» да еңбек еткен.
45 жастағы ресейлік бапкер Михаил Соловей ойыншы шағында «Рыбинск», «Нижний Новгород», «Луч-Энергия» клубтарының түстерін қорғаған. Ол «СКА-Энергия», «Анжи», «Арсенал», «Химки», «Балтика», «Шинник» клубтарында бапкерлік тәжірибе жинақтаған. Енді Соловей «Ақтөбеде» физикалық дайындық бойынша бапкер қызметін атқарады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


