Трансфер 30 шілде 2026
Рио Фердинандтың ұлы «Брайтонмен» алғашқы кәсіби келісімшартқа қол қойды
17 жастағы қорғаушы Тейт Фердинанд ағылшындық «Брайтонмен» тұңғыш кәсіби келісімшарт жасасты.
Тейт Фердинанд «Брайтон» академиясына 2024 жылы қосылған болатын. Ол — «Манчестер Юнайтед» мен Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Рио Фердинандтың ұлы.
Оның ағасы Лоренц Фердинанд те «Брайтонда» ойнайды, бірақ қақпашы позициясында өнер көрсетеді.
«Отбасымен бірге мақтанышты сәт. Қажырлы еңбегіңді жалғастыра бер», — деді Рио Фердинанд ұлының жаңалығына орай.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


