Трансфер 24 шілде 2026
Тимур Құрбанов «Каспиймен» келісімшартқа қол қойды
20 жастағы қазақстандық қорғаушы Тимур Құрбанов еркін агент мәртебесінде «Каспиймен» келісімшартқа қол қойды.
Маусымның бірінші бөлігінде Құрбанов петропавлдық «Қызылжар» сапында өнер көрсетті. Ол сол қапталда ойнай алады.
Қорғаушы бұған дейін де «Каспий» түсінде ойнаған. Әр жылдары ол «Жас Қыран», «Хан-Тәңірі» және «Каспий» түсін қорғады.
Келісімшарттың мерзімі мен ойыншының алатын нөмірі әзірге белгісіз.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


