Жаңалық 30 шілде 2026
ҚФФ 1 тамыздағы КПЛ-дің 20-турына төрешілерді анықтады
Қазақстан премьер-лигасының 20-туры 1 тамызда өтеді, аталған турдың бірнеше кездесуіне бас төрешілер белгіленді.
«Ертіс» — «Каспий» кездесуін оралдық төреші Денис Тевяшов басқарады, оған қарағандылық Иван Филатов пен Мансур Сайдулаев көмекші болады. Резервте павлодарлық Нұрсұлтан Әлібеков, VAR-да өскемендік Антон Молтусинов отырады.
«Қызылжар» — «Ақтөбе» матчын астаналық Айдын Тасыбаев басқарса, оған астаналық Нұржан Жүнісов пен қызылордалық Төребек Жақсылық көмектеседі. Резерв төрешісі — атыраулық Айбек Мұхат, VAR-да талдықорғандық Сергей Ноженко жұмыс істейді.
«Атырау» — «Жетісу» кездесуіне өскемендік Александр Затула бас төреші болып тағайындалды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


