Жаңалық 3 қыркүйек 2026
ҚФФ Премьер-лиганың 25-турына төрешілерді жариялады
Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылғы Премьер-лиганың 25-турындағы кездесулерге бас төрешілерді анықтады. Алматылық «Қайраттың» «Каспийге» қарсы матчын Айдын Тасыбаев басқарады.
Қалған кездесулерге де төрешілер бекітілді: «Оқжетпес» — «Ордабасы» матчында Александр Затула ысқырық шалады, «Жетісу» — «Ертіс» кездесуін Антон Кучма қадағалайды.
«Ақтөбе» — «Жеңіс» дуэлінде Сергей Ноженко, «Қызылжар» — «Атырау» матчында Бағдат Абдуллаев, «Алтай» — «Қайсар» кездесуінде Георгий Чеховский төрешілік етеді.
Сонымен қатар «Астана» — «Елімай» дуэлін Данияр Сахи, «Тобыл» — «Ұлытау» кездесуін Руслан Сұлтанғалиев басқарады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


