Трансфер 30 шілде 2026
Александр Довгаль «Оқжетпеспен» кәсіби келісімшартқа отырды
Көкшетаулық «Оқжетпес» қақпашы Александр Довгальмен кәсіби келісімшартқа қол қойды.
2000 жылдың 7 тамызында Ақмола облысында дүниеге келген Довгаль кәсіби футболдағы жолын «Оқжетпесте» бастаған. Ол бұрын клубтың Бірінші лига чемпионы атануына үлес қосқан.
Қазақстандық клубқа оралғанға дейін қақпашы Ресейдің «Тюмень» және «Волга» командаларында ойнаған.
Еске салайық, Довгаль енді туған клубына оралып, «Оқжетпес» сапында өнер көрсетеді.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: fcoqjetpes.kz


