Әлем футболы 29 шілде 2026
Opta Analyst рейтингінде «Қайрат» 411-орынды иеленді
Opta Analyst агенттігі жасаған әлемдік клубтар рейтингінде алматылық «Қайрат» 411-орынға тұрақтады.
Opta Analyst бағалауынша, «Қайрат» кипрлік «Омониядан» әлдеқайда төмен тұр — қарсылас 52-орында. Бұл көрсеткіш бойынша «Омония» тіпті «Олимпик Марсель» (53-орын), загребтік «Динамо» (54-орын), «Ан-Наср» (86-орын) және «Интер Майами» (100-орын) сынды клубтардан жоғары.
«Қайрат» пен «Омония» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездеседі.
Opta мәліметінше, «Қайраттан» жоғары андорралық «Андорра» клубы да орналасқан, ал алматылықтар колумбиялық «Агилас Дорадас» пен люблиндік «Мотор» клубының маңында тұр.
Рейтингтің көш басында «Арсенал», «Бавария», «Манчестер Сити», ПСЖ және «Барселона» тұр. Opta Power Rankings 183 елдің 562 ұлттық лигасын қамтиды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sportilinet.kz


