Сұхбат 28 шілде 2026
Ван де Вен: Де Зербимен ойын мүлдем басқаша болады
Лондондық «Тоттенхэм» қорғаушысы Микки ван де Вен клубтың жаңа бас бапкері Роберто де Зерби кезіндегі ойын стиліне тоқталды.
Оның айтуынша, команда бұрынғы бапкер Томас Франк тұсындағыдан мүлдем өзгеше футбол көрсетеді.
«Өткен маусымдағы бапкерге қарағанда бәрі басқаша болады. Доппен көбірек жұмыс істейміз, футболға көбірек көңіл бөлінеді. Көрермендерге де қызық болады деп ойлаймын, себебі шабуылды футбол ойнаймыз», — деді ван де Вен.
Тағы оқыңыз
Ван де Вен: Жанкүйерлерді алдап қойған сияқтымыз
Қорғаушының сөзінше, де Зерби топқа зор құлшыныс пен жігер алып келген.
«Ол ұжымға көп ынта-жігер, менталитет пен құлшыныс әкелді. Бұл бізге қажет нәрсе еді, себебі бәрі бір сәл құлазып қалған сияқты болатын. Ол көп оң энергия әкеледі, дайындық кезеңінен бері оның футболын команданың бойына сіңіруге уақыт таптық. Бұл шынымен ұнайды», — деді ван де Вен.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


