Ван де Вен «Тоттенхэмнің» жаңа капитаны атанды

Ван де Вен осы айдың басында клубпен ұзақ мерзімді жаңа келісімшартқа қол қойған болатын. Ромеро болса өткен аптада испан клубына ауысты, ол «Тоттенхэм» құрамында бес жыл өнер көрсетті.
Де Дзерби бес ойыншыдан тұратын көшбасшылар тобын жариялады: капитан — Ван де Вен, екінші орында Педро Порро, үшінші — Бен Дэвис, төртінші — Джеймс Мэддисон, бесінші — 20 жастағы Арчи Грей.
«Неге бес капитан? Мен алаңда көшбасшы көп болғанын қалаймын, әрқайсысының рөлі айқын болуы керек. Олардың әрқайсысы капитан атануға немесе сол топта болуға лайық», — деді Де Дзерби.
Сенбіде «Брентфордпен» кездесуге Ван де Вен мен Порро дайын емес.
Аргентиналық Ромеро қоштасу сөзінде: «Бүгін бес маусым бойы мен үшін клубтан да артық болған жермен қоштасамын. Ол — менің үйім, сынағым және отбасыммен бірге өмірімнің маңызды бөлігін құрған орын», — деп жазды.


