Трансфер 28 шілде 2026
Сангаре «Ноттингем Форестпен» 2029 жылға дейін келісімшарт жасады
Кот-д'Ивуар құрамасының жартылай қорғаушысы Ибраим Сангаре ағылшындық «Ноттингем Форест» клубымен жаңа келісімшартқа қол қойды. Құжат 2029 жылға дейін күшінде болады.
Сангаре «Ноттингем Форест» сапында үш жылдан бері ойнайды.
Тағы оқыңыз
Сарапшылар: Сангаренің «Тоттенхэмге» қарсы ойыны «Ливерпульдің» назарын аударуы мүмкін
«Жаңа келісімшартқа қол қойғаныма қуаныштымын. Бұл — жанкүйерлерге алғыс айтуға да қолайлы сәт. Өткен маусым оңай болмады, бірақ олар әрдайым бізбен бірге болды, мен олардың қолдауын сезіп келдім. Мұнда үш жыл болдым, осы уақыт ішінде клуб мен үшін отбасына айналды. Өзімді жақсы сезінемін, көп нәрсе үйрендім, осы сәтке жету үшін қатты еңбектендім. Жаңа бапкермен жұмыс істеуді және маусымның басталуын асыға күтемін», — деді Сангаре.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


