Трансфер 27 шілде 2026
Алибек Қасым Ресейде ойнағысы келеді: агенттері РПЛ-дан клуб іздеп жүр
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Алибек Қасым мансабын Ресейде жалғастырғысы келеді. Оның агенттері қазір Ресей премьер-лигасынан клуб іздеп жүр.
Бойы 193 сантиметр болатын орталық қорғаушы қаңтар айында «Астанамен» 2026 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасқан еді. Қазір оның келісімшартының бітуіне жарты жыл қалды.
Тағы оқыңыз
Әлібек Қасым жарақаттан толық айықты
«Трансфермаркт» деректері бойынша, Қасымның нарықтық құны 850 мың еуроны құрайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


