Трансфер 24 шілде 2026
Тимур Құрбанов «Каспиймен» келісімге отырды
20 жастағы қазақстандық қорғаушы Тимур Құрбанов еркін агент мәртебесінде «Каспиймен» келісімшартқа қол қойды.
Маусымның бірінші бөлігінде Құрбанов петропавылдық «Қызылжар» сапында өнер көрсеткен. Ол сол қапталда ойнай алады.
Қорғаушы «Каспий» түсінде бұрын да ойнаған. Әр жылдары ол «Жас Қыран», «Хан-Тәңірі» және «Каспий» түсін қорғаған.
Келісімшарттың мерзімі мен ойыншының алатын нөмірі әзірге белгісіз.
Дереккөздер: t.me