Трансфер 25 шілде 2026
Иранкундаға үш клуб қызығушылық танытты, барлық ұсыныс қайтарылды
«Уотфордтың» 20 жастағы австралиялық легионері Иранкунда құрама сапынан клубына қайтады, бірақ «Ханза Ростокпен» өтетін жолдастық кездесуге қатыспайды.
Футболшы жеңіл жаттығу режимінде дайындалып жүр. «Ханза Ростокпен» кездесу «Вайкередж Роуд» стадионында өтеді.
Ағымдағы трансфер терезесінде Иранкундаға үш клуб қызығушылық танытқан. Лиссабондық «Спортинг» 10 миллион фунт стерлинг мөлшерінде ұсыныс жасаса, «Халл Сити» мен «Сельта Виго» да ойыншы үшін өз ұсыныстарын жіберген. Дегенмен «Уотфорд» ұсыныстардың барлығын қабылдамады.
«Халл Сити» мен «Сельта Вигоның» ұсыныс сомасы әзірге белгісіз.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


