Трансфер 26 шілде 2026
«Селтик» Египет құрамасының ойыншысына қызығушылық танытты
Шотландиялық «Селтик» испандық «Реал Овьедоның» шеткі шабуылшысы Хайссем Хассанды сатып алуды қарастырып отыр.
24 жастағы Хассан — Египет құрамасының ойыншысы. Ол әлем чемпионатында көзге түсіп, көптеген клубтың назарын өзіне аударған болатын.
Тағы оқыңыз
«Селтик» Хайсем Хассан үшін 9 миллион фунт ұсынды
Футболшының «Реал Овьедомен» келісімшарты бір жылдан кейін аяқталады. Дегенмен екі клуб арасында трансфер бойынша әзірге келісімге қол жеткізілген жоқ.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.skysports.com


