Жаңалық 20 шілде 2026
ФИФА рейтингі жаңарды: Испания көш бастады, Норвегия секіріс жасады
ӘЧ-дан кейін ФИФА құрамалар рейтингін жаңартты — көш басында испандықтар тұр.
Рейтингтің үздік үштігінде Испаниядан кейін Аргентина мен Франция орналасқан. Төртінші орында ағылшындар келеді.
Мексика топ-10 қатарына енсе, Германия құрамасы үздік ондыктан шығып қалды. Ал Норвегия құрамасы 12 позицияға секіріп, 19-орынға көтерілді.
Қазақстан құрамасы тізімде 111-орында тұр. Еліміздің құрамасы 11 маусымнан бері ресми кездесу өткізген жоқ.
ФИФА рейтингінің келесі жаңартылымы 7 қазанда жарияланады.
Дереккөздер: sportilinet.kz