Жаңалық 20 шілде 2026
ФИФА Аргентина мен Испания ойыншылары арасындағы төбелесті тергейді
Нью-Йоркте өткен әлем чемпионатының финалынан кейін Аргентина мен Испания футболшылары арасында тәртіпсіздік орын алды. ФИФА бұл оқиғаны тергеуге кірісті.
Финалда Испания қосымша уақытта Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Дегенмен матчтың соңғы ысқырығынан кейін алаңда шиеленіс туындады.
Аргентиналық Науэль Молина «Манчестер Ситидің» қорғаушысы әрі Испания құрамасының капитаны Родриге тап берді. Сонымен қатар Леандро Паредес Эрик Гарсияны күшпен итеріп, Гавиді жерге құлатты.
Тағы оқыңыз
Паредес ФИФА жазасына шағымданды: «Гави мені бірінші ұрды»
Ал Аргентина құрамасы бапкерлер штабының мүшесі Роберто Аяланың Дани Олмоны бетінен ұрғаны белгілі болды.
ФИФА осы оқиғаларды зерттеп жатыр, қатысушыларға қандай жаза қолданылатынын әлі хабарлаған жоқ.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sportilinet.kz


