Жаңалық 20 шілде 2026
ФИФА Аргентина мен Испания футболшылары қатысқан төбелеске тергеу жүргізбек

Фото: Советский спорт (TG)
ӘЧ-2026 финалы аяқталған соң Аргентина мен Испания құрамалары ойыншылары арасында жаппай төбелес болды. ФИФА бұл оқиға бойынша тәртіптік тергеу жүргізуге ниетті.
Дереккөздер мәліметінше, дау-дамай финалдық матч аяқталған соң орын алған. Оқиғаға екі құраманың да футболшылары қатысқан.
Төбелеске нақты қандай ойыншылар араласқаны, сондай-ақ ФИФА қандай санкция қолданбақшы екені әзірге белгісіз.
Дереккөздер: www.sports.kz