Лапорта Нью-Йоркте Альварестің трансферін талқылады
«Барселона» өкілдері АҚШ-қа әлем чемпионатының финалына байланысты барды. Клуб құрамында қазіргі таңда әлем чемпионы атанған 12 футболшы бар, ал сегіз ойыншы осы атаққа үміткер саналады.
«Атлетико Мадридтің» шабуылшысы Хулиан Альваресті сатып алу мәселесі бойынша Лапорта нақты пікір білдірді.
«Мұнда көптеген кездесу мен келіссөз өтіп жатыр», — деді ол.
Алайда «Атлетико Мадрид» бас тартып, футболшыны ешбір жағдайда сатпайтынын алдын ала мәлімдеген еді. Осыған қарамастан, Лапорта ұсыныстың әлі де күшінде екенін айтты. Трансфердің нақты тағдыры әзірге белгісіз.
Испания лигасының президенті Хавьер Тебас «Барселонаның» 1-1 ережесіне сай келетінін растады. Клуб Альварестің трансферін команданың Англиядағы жиынына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар Лапорта клубтың басқа ойыншыларына қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, «Барселонаға» ұзақ жылдар даңқ әкелген Месси кезеңі аяқталып, енді Ламин Ямалдың уақыты келді.
«Месси бізге даңқты жылдар сыйлады, бірақ енді Ламиннің уақыты келді. Мен осы уақыт Ламинге тиесілі болғанын қалаймын. Месси бізге даңқты жылдар берді, ол клуб тарихының салтанатты да жарқын өткенінің бір бөлігі», — деді Лапорта.
Ол сондай-ақ клубтың трансфер саясаты туралы айтты: «Үлкен клуб кеткісі келген ойыншыларды ұстап қала алмайды», — деп атап өтті президент.
Еске салайық, алғашқы әлем чемпионаты 1930 жылы Уругвайда өткен болатын.


