Лапорта: 2030 жылғы әлем чемпионатының финалы «Камп Ноуда» өтуі керек

Лапортаның пікірінше, ӘЧ-2030 финалы Касабланкада да, Мадридте де емес, дәл «Камп Ноуда» ойналуы тиіс.
«Ол Касабланка немесе Мадрид болмауы керек, ол — «Спотифай Камп Ноу». Касабланка мен Мадрид — бір ғана нұсқа емес», — деді ол.
Президенттің айтуынша, оның басты дәйегі — сыйымдылық: жаңартылғаннан кейін стадион шамамен 105 мың көрерменді сыйдырмақ. «Мен мұны бір себеппен айтып отырмын: 105 мың көрермен. ФИФА мұны ескереді деп сенемін. Оған қоса, 1982 жылы әлем чемпионатының финалы «Сантьяго Бернабеуде» өткен болатын», — деді Лапорта.
Ол Мароккоға деген құрметін білдіре отырып, финалдың Испанияда өтуі керектігін де айтты: «Мароккоға құрметпен қараймын, бірақ 2030 жылғы финал Испанияда өтуі керек, оған қоса Испания — әлем чемпионы атанған команда».
Лапортаның сөзінше, финалды дәл «Спотифай Камп Ноуда» өткізу клуб үшін халықаралық деңгейде мойындалудың бір түрі болмақ. «Біз дәл осыны ұсынбақпыз», — деді ол.
Еске сала кетейік, 2030 жылғы әлем чемпионатын Испания мен Марокко бірлесіп қабылдайды. Ал «Спотифай Камп Ноу» 2029 жылғы Чемпиондар лигасының финалына да таңдалған.


