Жаңалық 17 шілде 2026
Луиш Нани «Алтайға» қарсы кездесуде ойнамайды
Актөбелік «Ақтөбенің» шабуылшысы Луиш Нани ҚПЛ-дың 18-туріндегі «Алтайға» қарсы қонақтағы матчқа қатыспайды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Себебі — футболшының отбасында қайғылы оқиға болып, жақын туысы қайтыс болған.
Тағы оқыңыз
Нани дзюдо тәсілін көрсетіп, сары карточка алды
Сонымен қатар Нанидің Лиссабонға, одан кейін Сан-Паулуға сапар шегуі күтіледі. Себебі ол халықаралық Ibercup турнирінің ресми елшісі болып саналады. Ibercup São Paulo 20–26 шілде аралығында өтеді.


