БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 17 шілде 2026

Дастан Сәтпаев «Челсидің» дайындық жиынына қосылды

«Челсидің» жасөспірім шабуылшысы, 17 жастағы Дастан Сәтпаев ағылшын клубының маусым алдындағы дайындығына қосылды.

Ойыншы Лондонға 27 маусымда анасымен бірге келді. Еске салайық, «Челси» қазақстандық шабуылшыны 2025 жылдың басында 4,3 миллион еуроға (бонустармен) сатып алған болатын. Содан кейін Сәтпаев жалдау шартымен «Қайратқа» қайта оралып, 2025 маусымы мен 2026 маусымының бір бөлігінде алматылық клуб түсінде ойнады.

Ол «Қайрат» жасаған 58 матчта 26 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. «Челсидің» бас бапкері — Хаби Алонсо. Ойыншының ағылшын клубында қашан дебют жасайтыны әзірге белгісіз.