Жаңалық 24 шілде 2026
Дастан Сәтпаев «Челсидің» жазғы дайындық жиынына шақырылды
Лондондық «Челси» жаңа маусым алдындағы дайындық жиынының құрамын жариялады, тізімде қазақстандық Дастан Сәтпаевтың есімі де бар.
Клуб бірнеше жолдастық кездесу өткізеді. 28 шілдеде Сиднейдегі «Аккор Стэдиум» алаңында «Вестерн Сидниге» қарсы шығатын «Челси» 1 тамызда сол алаңда «Тоттенхэммен» кездеседі.
5 тамызда команда Гонконгтағы «Кай Так Стэдиум» алаңында «Ювентуспен», ал 8 тамызда Джакартадағы «Гелора Бунг Карно» стадионында «Миланмен» ойнайды.
Тағы оқыңыз
Олд Траффордта гонконгтық блогер Сәтпаевпен суретке түсті
Дайындық сапарының соңғы кездесуі 9 тамызда Искандар-Путеридегі «Сұлтан Ысқандар» стадионында «Джохор Дарул Тазимге» қарсы өтеді.
Сәтпаевтың дайындық жиынына шақырылуы жас қазақстандық үшін «Челсидегі» алғашқы қадам болмақ.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: t.me


