Жаңалық 15 шілде 2026
Жозе Моуринью «Реал» бапкері қызметіне ресми кірісті
Дүйсенбіде Жозе Моуринью мадридтік «Реалдың» бас бапкері ретінде ресми жұмысын бастады және маусым алдындағы дайындыққа кірісті.
Мамандар айтуынша, Моуринью маусымнан бері команданың құрамын жоспарлау ісіне тартылған. Ол ойыншылардың трансферлері мен клубтан кетуіне қатысты мәселелерге де араласқан.
Белгілі болғандай, бапкер жеке өзі Марк Кукуреляға қоңырау шалып, оны «Реалға» шақырған. Дегенмен қорғаушының мадридтік клубқа нақты ауысқан-ауыспағаны әлі нақтыланбаған.
Дереккөздер: www.mundodeportivo.com