Жаңалық 30 қыркүйек 2026
Құат екі сары карточка жинап, Молдоваға қарсы ойнамайды
Қазақстан құрамасының шабуылшы жартылай қорғаушысы Исламбек Құат УЕФА Ұлттар лигасының 3-турындағы Молдоваға қарсы матчта алаңға шыға алмайды. Себебі — екі кездесуде алған екі сары карточка.
Құат алғашқы ескертуді Фарер аралдарының құрамасымен өткен матчта алды, ол кездесу 1:1 есебімен аяқталған болатын. Екінші сары карточканы жартылай қорғаушы Словакияға қарсы кездесудің бірінші таймында алды. Регламент бойынша, екі сары карточка келесі матчқа автоматты түрде дисквалификация әкеледі.
Словакиямен ойынның бірінші таймы 1:1 есебімен аяқталды. Есепті словактар атынан 26-минутта Лео Зауэр ашса, қазақстандықтар үшін Рамазан Кәрімовтің голы жауап болды.
Тағы оқыңыз
Исламбек Қуат «Жеңіс» құрамында 50 матч межесіне жетті
Қазақстан құрамасы Молдовамен 2 қазанда Астанада кездеседі.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


