Почеттино: «Манчестер Сити» жанкүйерлері «алдау дәуірін» бастан кешірді

АПЛ тарапынан клубтың 2009–2018 жылдар аралығындағы қаржылық есептеріне қатысты жүргізілген тексеріс нәтижесінде тәуелсіз комиссия шешім шығарды. Бұл туралы жұма күні BBC және басқа да басылымдар хабарлады.
«Манчестер Сити» осы кезең ішінде сегіз рет АПЛ чемпионы атанып, бірнеше ішкі кубок жеңіп алды, ал 2023 жылы Чемпиондар лигасын да қанжығасына байлаған болатын. Дәл осы уақытта Почеттино «Саутгемптон», «Тоттенхэм» және «Челси» клубтарында бапкерлік қызмет атқарды.
«Манчестер Ситиге» қатысты шешім жанкүйерлердің «алдау дәуірін» бастан кешкенін көрсетеді», — деді Почеттино.
Роберто Манчини болса бұл мәселеге басқаша қарайды: оның айтуынша, клуб әлі кінәлі деп танылған жоқ, ал қосарланған келісімшарт туралы айыптаудың оған қатысы жоқ. «Манчестер Ситидің» атқарушы директоры Ферран Сориано процестің «әлі де көп уақыт алатынын» айтты.


