БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 29 қыркүйек 2026

Молдова мен Фарер аралдары тең түсті: 2 қазанда Астанада Қазақстанмен ойнайды

Фото: sports.kz
УЕФА Ұлттар лигасының C3 топтық кездесуінде Молдова өз алаңында Фарер аралдары құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті. Матч 2026 жылдың 28 қыркүйегінде Кишиневте өтті.

Есепті 26-минутта 11 метрлік айып добынан Вильхормур Давидсен ашты. Молдовалықтар үшін 66-минутта Сергей Перчун жауап голын соқты.

Бұған дейінгі турда Молдова Словакиядан 0:2 есебімен ұтылса, Фарер аралдары Қазақстан құрамасымен 1:1 тең ойнаған. Осылайша екі кездесуден кейін С3 топшасында Фарер аралдарының 2, Молдованың 1 ұпайы бар.

Келесі турда, 2 қазанда, Молдова Астанада Қазақстан құрамасына қарсы шығады. Сол күні Фарер аралдары Словакиямен кездеседі.

Тағы оқыңыз

Қазақстанмен матч алдында Фарер аралдары құрамасы алты ойыншысынан айырылды
Фарер аралдары бапкері: Қазақстанмен матч алдында төрт кездесу өткіземіз
Фарер аралдары құрамасының қорғаушысы Қазақстанмен матчтар алдында пікір білдірді
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Голды өткізіп алмаңыз — жедел жаңалықтар мен видео арналарымызда:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz