Жаңалық 28 қыркүйек 2026
Воробьев 8 ұпай жинап, чемпионаттың 4-турының үздігі атанды

Фото: pro.ligasy.kz
Қазақстан чемпионатының 4-турында петропавлдық «Құлагер» командасының шабуылшы жартылай қорғаушысы Александр Воробьев үздік ойыншы атанды.
Бұл турда «Құлагер» өткізген үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жетті. Воробьев осы матчтарда төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді — жиыны 8 ұпай.
Ойыншы бір кездесуде хет-трик жасады, ал соққыларының бірі командасына жеңіс сыйлаған шешуші гол болды. Турдағы рейтингі +9 көрсеткішін құрады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


