БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 28 қыркүйек 2026

Вайс: Біздің ойыншылар жақсырақ, стадион толы болады деп сенемін

Фото: skslovan.b-cdn.net
Словакия құрамасының бас бапкері Владимир Вайс Ұлттар лигасының 1-турында Қазақстан құрамасының Фарер аралдарының құрамасымен 1:1 тең түскеніне баса тоқталды.

Словакия дәл сол турда Молдовадан 2:0 есебімен басым түскен. Ал 29 қыркүйекте Кошицеде Қазақстан құрамасы Словакияға қарсы шығады, матч Қазақстан уақыты бойынша 23:45-те басталады.

Тағы оқыңыз
Вайсс: Кәрімовтің голы словак командасын састырды

«Алғашқы матчта олар сырт алаңда тең түсті, бұның мәні бар — Фарер аралдарында жасанды жамылғыда ойнау жеңіл емес. Дегенмен біздің ойыншылар жақсырақ, мен соған сенемін. Матчтың алдында жақсылап дем алып, содан кейін құрамға кірісуіміз керек. Кошицеге барғанымызға қуаныштымыз, стадион толы болады деп сенемін. Ол жердегі жанкүйерлер белсенді қолдайды, бірақ бәрі біздің ойынымызға байланысты», — деді Вайс.

Тағы оқыңыз

Словакия бапкері Вайсс: Қазақстанда жылдам ойыншылар бар, контршабуылдан сақ болу керек
Вайс: Қазақстан құрамасын жақсы білемін және құрметпен қараймын
Словакия бапкері Вейс Қазақстанға қарсы матчқа құрама жариялады
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz