Жаңалық 28 қыркүйек 2026
Сәтпаев Transfermarkt бойынша Қазақстан рекордын жаңартты — құны 5 млн еуроға жетті

Фото: kff_team
18 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевтың Transfermarkt бойынша нарықтық құны 5 миллион еуроға жетті. Бұл — қазақстандық футболшылар арасындағы жаңа рекорд.
Сәтпаев қазір «Челсиге» тиесілі, бірақ ағымдағы маусымда «Бернлиде» жалға берілу шартымен ойнап жүр. Ол тамызда Чемпионшипте дебют жасап, Англия лигасының кубогында да ойын тәжірибесін жинады.
Тағы оқыңыз
Сәтпаев жарақат алды: «Бернли» дайындық кемшілігін мойындады
Өткен жылдың қарашасында Сәтпаевтың Transfermarkt бойынша құны үш миллион еуро болған еді. Осылайша, футболшының бағасы бірнеше ай ішінде екі миллион еуроға өскен.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


