Жаңалық 28 қыркүйек 2026
Ресейлік сайт болжамы: Словакия – Қазақстан кездесуінде минималды жеңіс не тең ойын күтіледі

Фото: sports.kz
Ресейлік «Football on Kulichki» сайты 29 қыркүйекте өтетін Ұлттар лигасының Словакия – Қазақстан кездесуіне болжам жасады.
Матч Қазақстан уақыты бойынша 23:45-те басталады, қазақстандықтар қонақта ойнайды. Бірінші турда Словакия өз алаңында Молдованы 2:0 есебімен жеңді, ал Қазақстан құрамасы жолда Фарер аралдарымен 1:1 тең түсті.
Екі құрама бұған дейін 2022 жылғы Ұлттар лигасында екі рет кездесіп, екеуінде де Қазақстан бір голдық артықшылықпен жеңіске жетті. Словакия құрамасы қазақстандықтарды бір рет те жеңе алмаған.
Соңғы төрт матчта Словакия үш жеңіс пен бір тең ойын жинаса, Қазақстан соңғы сегіз кездесуде екі жеңіске жетті.
«Егер алаң иелері класс артықшылығын іске асыра алса, бұл тек минималды жеңіс арқылы болады. Болжам: Словакияның бір голдық жеңісі не тең ойын», — деп жазды ресейлік сайт.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


