БАПКЕР.KZ
Футбол. Қазақша.
Telegram
← Басты бет
Жаңалық 28 қыркүйек 2026

Бұрынғы «Ақжайық» бапкері: Словакиядан қорықпаңдар, бірақ сақ болыңдар

Фото: sports.kz
Молдова құрамасының экс-ойыншысы, 2022 жылы «Ақжайықты» жаттықтырған 43 жастағы Игорь Пикущак Қазақстан құрамасының 29 қыркүйектегі Словакияға қарсы кездесудегі мүмкіндігін бағалады.

Қазіргі армяндық «Сюник» командасының бапкері Пикущактың пікірінше, Словакия — Молдова кездесуінің 2:0 есебі Қазақстанға үміт сыйлайды.

«Жаңа бапкердің талаптарын білмеймін, бірақ Словакия — Молдова кездесуіне қарасаңыз, сендерде барлық мүмкіндік бар. Біздің команда бірнеше жақсы жылдам шабуыл жасады, бірақ гол соға алмадық. Жеке шеберлік жағынан ұтылдық, көптеген жекпе-жекте жеңе алмадық. Бүгінгі Словакиядан қорқудың қажеті жоқ, бірақ олардың қорғаныстан шабуылға тез көшуіне дайын болу керек. Бұл — олардың басты козыры, ал топ фаворитi үшінші турдан кейін анықталады», — деді Пикущак.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының бірінші турында Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түскен, ал дәл сол турда Словакия Молдованы 2:0 есебімен жеңген болатын. Қазақстан құрамасын Джон ван 'т Схип жаттықтырады.

Тағы оқыңыз

«Ньюкасл» 51 миллион фунтқа сатып алған Фернандес-Пардоны бұрынғы бапкері Докумен салыстыр
Роберто Манчини Италия құрамасының бас бапкері болды
«Селтик» бапкері Мартин О'Нилл ауруханаға жатқызылды
БӨЛІСУ:WhatsAppTelegram
Қазақ футболының бас жаңалықтары бірінші бізде. Қосылыңыз:
TelegramInstagram
Дереккөздер: www.sports.kz