Жаңалық 24 қыркүйек 2026
112 матчта 47 гол соққан Жоао Паулу «Қайраттан» кейін Бразилияға оралды

Фото: media.santosfc.com.br
38 жастағы бразилиялық шабуылшы Жоао Паулу Риу-Гранди-ду-Норти штатын білдіретін «Киньо» клубымен келісімшартқа отырды.
Футболшы алматылық «Қайрат» құрамында 2021-2025 жылдар аралығында ойнады. Осы уақыт ішінде ол 112 матчта алаңға шығып, 47 гол соқты және 24 нәтижелі пас берді.
«Қайратқа» дейін Жоао Паулу 2019-2021 жылдары шымкенттік «Ордабасы» құрамында өнер көрсеткен. Ойыншының мансабында сондай-ақ Бразилияның АБС, «Баррас», «Ботафого» (Жоау-Песоа), «Ферровиария» клубтары, Оңтүстік Кореяның «Кванджу», «Тэджон Ситизен», «Инчхон Юнайтед» командалары және Болгарияның «Ботев» пен «Лудогорец» клубтары бар.
Тағы оқыңыз
38 жастағы Жоао Паулу Бразилияға оралып, «Киньоға» қосылды
Енді бразилиялық шабуылшы туған елінде, «Киньо» құрамында мансабын жалғастырады.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


