Жаңалық 23 қыркүйек 2026
Сарапшылар тобы: Хааландтың Манчестер дербиіндегі шешуші голы қате есептелген

Фото: mancity.com
Ағылшын премьер-лигасының даулы эпизодтарды қарайтын арнайы комиссиясы («Key Match Incidents Panel») Эрлинг Хааландтың «Манчестер Юнайтедке» қарсы соққан жеңіс голын VAR жүйесі қате есептегенін мәлімдеді.
Комиссияның тұжырымы бойынша, дербиде «Манчестер Ситиге» жеңіс сыйлаған сол гол шын мәнінде есептелмеуі керек еді. Алайда сол сәтте VAR жүйесі оны бекітіп, есеп өзгеріссіз қалды.
Тағы оқыңыз
«Манчестер Сити» кінәлі деп танылды, Холандтың тағдыры талқыға түсті
Бұл шешім Хааландтың қыркүйек айының үздік ойыншысы номинациясына ілігуімен тұспа-тұс келді — норвегиялық шабуылшы бұл санатта Марк Гехи және Эллиот Андерсонмен бірге аталды. Қыркүйек айында «Манчестер Сити» бес матчының бесеуінде де жеңіске жетті.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: sports.yahoo.com


