Жаңалық 23 қыркүйек 2026
Мексикалық сарапшы Рейносо: Сәтпаев маусым соңында клуб ауыстыруы мүмкін

Фото: kff_team
Мексикалық футбол шолушысы Карлос Рейносо 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың болашағы туралы пікір білдірді.
Рейносоның бағалауы бойынша, Сәтпаевта үлкен әлеует бар және ағымдағы маусым аяқталған соң ол басқа клубта ойын жалғастыруы мүмкін.
Сәтпаев 2026 жылдың жазында алматылық «Қайраттан» «Челсиге» ауысып, ағылшын клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойған болатын. Қазіргі таңда ол «Челси» құрамында саналғанымен, 2026/27 маусымының соңына дейін «Бернлиге» жалға берілген.
Тағы оқыңыз
Сәтпаев жарақат алды: «Бернли» дайындық кемшілігін мойындады
Жас шабуылшы «Бернли» құрамында Чемпионшип пен Лига кубогында дебют жасады. Ол қай клубқа ауысатынын әзірге ешкім нақты айта алмайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: amanvibe.kz


