Жаңалық 23 қыркүйек 2026
Мбаппе: Франция маған Роналду сияқты 41 жасқа дейін ойнауға мүмкіндік бермейді
«Реал Мадридтің» шабуылшысы әрі Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе өзінің Криштиану Роналду сияқты 41 жасқа дейін құрама үшін ойнай алатын-алмайтыны туралы пікір білдірді.
«Криштиану сияқты 41 жасқа дейін Франция құрамасында ойнау керек пе? Шынымды айтсам, мен өнер көрсетіп жүрген елді ескерсек, Франция маған 41 жасқа дейін ойнауға ешқашан мүмкіндік бермейді. Бірақ Криштиану жақсы физикалық және психологиялық формада болса, ең жоғары деңгейде ұзақ ойнауға болатынын көрсетіп отыр. Дегенмен менің жағдайымда, меніңше, бұл болмайды», — деді Мбаппе.
Мбаппе желтоқсанда 28 жасқа толады. Ал 41 жастағы Роналду Португалия құрамасында ойынын жалғастырып жатыр — оны бапкерлер УЕФА Ұлттар лигасының қыркүйек айындағы матчтарына арналған құрамға шақырды.
Тағы оқыңыз
Мбаппе операциядан құтылды: «Реал» Франция құрамасына риза емес
Еске сала кетейік, Францияның бас бапкері болып Зинедин Зидан тағайындалған. Ол жетекшілік ететін құрама 25 қыркүйекте Түркияға қарсы қонақта ойнайды.
Тағы оқыңыз
Дереккөздер: www.sports.kz


